Жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау шаралары АӨК-ті дамыту жобасына енгізілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті зор. Сондықтан оларды назардан тыс қалдырмау қажет.
Статистика бойынша Қазақстандағы сүттің 75%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, логистиканың және орталықтан сатып алудың жоқтығынан, сондай-ақ сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының жетіспеушілігіне байланысты ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылықтардың) өнімінің аз ғана көлемі қайта өңделеді.
Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Президенттің тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды. Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы кооперативтерді құруды тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерді пысықтауда.