Жекеменшік мектептердің үлесі 75%-ға артты - Аймағамбетов
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтты.
Жиын барысында ол 3 қалада пилоттық режимде жан басына қаржыландыру жұмысын бастағанын айтты.
Соның арқасында жекеменшік мектептердің үлесі артып келе жатыр. Бір жылдың ішінде жеке меншік мектептердің үлесі 75 пайызға артты, - деді ол.
Сонымен қатар, ол мектепке дейінгі балаларды балабақшаға кезекке қою және қабылдау 100% автоматтандырылғанын, балабақшамен қамту 98%-ға жеткенін айтты.
Қазір біз мазмұн мәселесін өзгертуге көшіп жатырмыз. Сондықтан ендігі кезектегі мәселелер оқу стандарттарын өзгерту, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру, балалардың жас периодизациясын өзгерту және методикалық жаңарту мәселелерін шешу жодарын қарастырып жатырмыз, - деді министр.
Сондай-ақ, ол басты мақсаттың бірі екі ауысымды емес, бір ауысымды мектепке көшу екенін айтты. Онсыз білім беру сапасын жақсарту мүмкін емес екен.
Сөз арасында ол алдағы жылы жаңартылған бағдарламаға көшу толық аяқталатынын айта келе енді тек білім сапасымен айналысатындарын жеткізді.
Ол біріншіден бағдарламалар мен оқулықтардың сапасын арттыру, бағалау жүйесін жетілдіру. Оның бәрі қоғамда көптен бері көтеріліп жүрген мәселелер. Сондықтан қоғаммен бірге осы жұмысты атқаруды бастап кеттік, - деді Аймағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр: Індет салдарынан жанар-жағармайға деген сұраныс азайды
Өзгелердің жаңалығы