Жеке мәліметтер желіге қалай шығып кетуі мүмкін?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады. 2020 жылы 404 жоспарланбаған тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 17 лауазымды тұлға мен 6 заңды тұлға тартылды. Биылғы жылы 11 жоспарланбаған тексеру жүргізілді. Ол бойынша 4 лауазымды тұлға мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Комитет электронды құжат пен ЭЦҚ бойынша бақылау жүргізеді. ЭЦҚ қол қойған адамның жеке мәліметіне сәйкес келеді. Ол үшін де заңды жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.
Әбдіхалықов атағандай, ЭЦҚ-ның тарап кетуі мекеме жетекшілері оның ішінде мемлекеттік органдар өздерінің ЭЦҚ-ларын бақылаусыз қалдыратынына байланысты.
Олар жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-ларын жоймайды. Оларды өзге қызметкерлерге береді. Осындай істердің нәтижесінде тұлғалардың ЭЦҚ-лары заңды қолданылмады. ЭЦҚ беру бойынша бізде әкімшілік іс қозғалады. 15 АЕК мен 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 2020 жылы 30-дан астам дерек ЭЦҚ-ны заңсыз беру тіркелді. 2021 жылы 6 іс қозғалды, оның 3-еуі өндірісте. Тұрғындарға ескертетініміз, ЭЦҚ кілтін ешкімге беруге болмайды. Ешкімнің сіздің кілтіңізді сұрауға құқығы жоқ, - деді ол.
Әбдіхалықов айтқандай, тұрғындардан жеке мәліметтердің желіге шығып кетуі бойынша арыз-шағым түсетінін айтты.
Мәселен, лауазымды тұлғалар жеке мәліметтері бар құжатты үшінші тұлғаға береді немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Осы бойынша 6 коммерциялық ұйым 100 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Әбдіхалықов.Еске салсақ, елімізде интернет-ресурстардың қауіпсіздігі тегін қорғалатыны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы жолдарында 1 844 шұңқыр анықталды
Өзгелердің жаңалығы