Жеке құрам өзіне тән емес қызметтерді атқармайды – Таласов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қарулы күштерде заттай мүлікпен қамтамасыз ету және тамақтандыруды ұйымдастыру туралы өткен брифингте айтты.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап тұңғыш Президентіміз – Елбасының сындарлы саясаты және Жоғарғы Бас қолбасшымыздың ұдайы қамқорлығы арқасында Қарулы Күштер тәуелсіздіктің кепілі болып табылатын қорғанысқа қабілетті, әлеуетті армия болып қалыптасты. Қазіргі уақытта әскеріміз өңірде озық армияның бірі болып табылады, - деді ол.

Таласов айтқандай, Қарулы күштерді дамытудың басты бағытының бірі - тылдық қамтамасыз ету.

Сарбаздың әрқашан қарны тоқ, мұнтаздай таза, әскери киіммен, медициналық көмекпен ұдайы қамтылған болуға тиіс. Оның тұратын жері санитариялық-гигиеналық талаптарға сай болуға тиіс. Ал техника барлық жанармай түрімен уақтылы толтырылған болуға тиіс. Біз 1996 жылдан бастап бұрынғы Кеңес елдері арасында аутсорсингке бірінші болып өттік. Яғни тамақтану бойынша көрсетілетін қызметті коммерциялық құрылымға бердік. Бұл ретте жеке құрам өзіне тән емес функция: тағам дайындау, асхана бойынша нарядқа түсу, жуып-жинау сияқты іспен айналыспай, уақытын тікелей жауынгерлік даярлыққа бөледі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы