Жеке карточкасына жалақыны негізсіз аудара берген есепші сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында өзінің есепшотыны жалақыны негізсіз аудара берген есепші сотталды. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті.
2020 жылғы 21 тамызда Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотының үкімімен "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бюджеттік жоспарлау, бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі Л.В.Чепигина 3 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырылды (кәмелетке толмаған бала 14 жасқа толғанға дейін үкімнің орындалуын 5 жыл мерзімге кейінге қалдыру).Ол өзінің карточкалық шотына жалақыны негізсіз аудару арқылы жалпы сомасы 2 104 788 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - дейді Данияр Бекайдаров.
Сонымен қатар, Жамбыл және Түркістан облысында білім мекмелерінің басшыларына қатысты сот шешімі шықты.
2020 жылдың 27 тамызында Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының "Жамбыл дарыны мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу облыстық орталығы" КММ директоры Ш.Кашкиноваға 300 АЕК (833 400 теңге) көлемінде айыппұл салынды.Ол жаңа жылдық іс-шаралар үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бөлінген бюджеттік қаражатты 2019 жылғы желтоқсанда 4,5 млн.теңгеден астам сомаға жоғары бағамен аудару арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Ал 19 шілдеде Кентау қалалық сотының үкімімен Кентау қаласының көпфункционалды колледжінің басшысы О.Ж. Бегісбаева 2 жылға бас бостандығынан айырылып, "ҚР Ғылым мен білімді дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - дейді тергеуші.