Жеке кәсіпкерлерге қатысты салық тәртібі өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық кодексінде жеке кәсіпкерлерге қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енді.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлағандай, Салық кодексіндегі өзгеріске сай, патентті қолдану құқығы бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің (32 қызмет түрі) тізімі жарияланды. Олар:
Сылақ жұмыстары;
Ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстары;
Еден жабу және қабырға қаптау жұмыстары;
Бояу және шынылау жұмыстары;
Такси қызметі;
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
Сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқару;
Фотография қызметі;
Аударма (ауызша және жазбаша) ісі;
Мүлікті жалдауға (жалға) беру;
Көлік құралдарын жалдауға (жалға) беру;
Ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және жалдауға (жалға) беру;
Бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беру;
Басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беру және жалдауға (жалға) беру;
Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
Есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын жалдауға (жалға) беру;
Спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
Мәдениет саласындағы білім беру қызметтері;
Басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтер;
Қосымша білім беру қызметтері;
Өнер саласындағы қызметтер;
Компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеу;
Коммуникациялық жабдықты жөндеу;
Жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу;
Шаштараз қызметтері;
Маникюр және педикюр;
Ветеринариялық қызметтер;
Жер учаскелерін өңдеу бойынша қызметтер;
Тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтер;
Базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар қызметтері;
Музыкалық аспаптарды жасау және жөндеу;
Үй жануарларын бағу қызметі.
Қолданыстағы Салық кодексімен 12 түрлі қызметке патентті қолдану алынып тасталды. Олар: Жер қойнауын пайдалану, акцизделетін тауарлар өндiру, консультациялық қызметтер көрсету; сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржыландыруы, сақтандыру қызметі және делдалдық қызметі және тағы басқа.
Бұл өзгерістердің басты мақсаты бейресми еңбек қатынасын болдырмау және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу. Сонымен бірге өзгерістер көлеңкелі бизнесті ашыққа шығарып, жалдамалы жұмыскерлерді заңдастыруға бағытталған.
Онда жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша табыс табуға патент талап етілмейді. Мысалы, тәулік бойы сауда сату, азық-түлік сату, базарларда сауда жүргізу және тағы басқа.
Мұнда халықаралық тәжірибеге сай ұсақ қолөнершілерге қойлытын салықтық тәртіп негізінде кірісті қадағалауды және жалдамалы жұмысшыларды бақылуды күшейту көзделген.
Мысалы биыл патент алған 268 кәсіпкердің 55,7 пайызы (148 953 жеке кәсіпкер) сауда саласында қызмет көрсетті. Олардың 55 пайыздан астамы аталған қызметті Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асырған.
Айта кетейік, рұқсат етілген тізімге енбеген қызмет түрлерін көрсететін кәсіпкерлер салық төлеу тәртібін өзгертуі керек. Олар 2 түрлі тәртіптің бірін таңдайды. Жеңілдетілген декларация негізіндегі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық тәртібі.