«Жеке деректерді жариялаймын» деп қорқытқан: 17,6 миллион теңге бопсалаған Астана тұрғыны жазаланды
Астана тұрғыны аса ірі мөлшерде бопсалау жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жәбірленушіні жеке мәліметтеріңді таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сотталған адам жәбірленушіге психологиялық қысым көрсету үшін оның жеке өмірі туралы мәліметтерді пайдаланған. Егер ол ақша бермесе, бұл ақпаратты таратып жіберемін деп қорқытқан.
Қысымды қалай күшейтті?
Жәбірленушіні қорқытып, талаптарын орындауға мәжбүрлеу үшін ер адам мессенджерде жалған аккаунт құрған. Сол арқылы ол өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған.
Қаскөй құрылған аккаунт арқылы жәбірленушіні жеке мәліметтердің таралып кетпеуі үшін және «мәселені шешу» сылтауымен ақша беруге көндірген.
Жәбірленуші қанша ақша берді?
Қорқытулардың жүзеге асатынынан қорыққан жәбірленуші қаскөйге 17,6 миллион теңгеден астам ақша берген.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін растайтын дәлелдемелерді ұсынды.
Бопсалаушы жазаланды
Сот ер адамға жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қадағалау органы азаматтарды бопсалауға көнбеуге және жеке ақпаратты таратамыз деп қорқытқан тұлғаларға ақша бермеуге шақырады.
Мұндай қауіп-қатерлер туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да сотталғандар «қамқорлық» көрсетеміз деп жаңадан түскен тұтқындардан ақша бопсалаған.
Тағы оқи отырыңыз:
Ақтөбеде 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен үш адам ұсталды
Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан жеті күдікті ұсталды
Түркістандағы контрабанда: 200 млрд теңгені заңсыз шетелге шығармақ болғандар анықталды