Жедел желі: Газ, бензин, дизель отыны, такси, азық-түлік бағасы бақылауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға өсіміне қатысты өтініштерді қабылдау үшін Қазақстанның барлық өңірінде «жедел желі» іске қосты.
Қазақстандықтар ірі сауда желілері мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, сондай-ақ газ, бензин, дизель отынына, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметтеріне бағаның жоғарылау фактілері туралы хабарлай алады - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Нұр-Сұлтан қаласындағы тамақ өнімдері бойынша «жедел желі»: 8 778 668 1841, 8 775 592 6169, 8 (7172) 75-04-65, 74-27-38
Нұр-Сұлтан қаласындағы сұйытылған мұнай газы, бензин, дизель отыны, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметтері бойынша «жедел желі»: 8 (7172) 74 99 14, 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52
Өңірлердегі «жедел желі»:
Алматы қаласы мен Алматы облысында байланыстың тұрақсыздығына байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы телефон номерлеріне хабарласу қажет.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өз тарапынан нарық субъектілеріне бағаларды белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауар өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсімнің – 3%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5% мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді, - делінген хабарламада.