Жедел жәрдемге неге хабар бермедіңіз? - Байжановтың жауабы
Бишімбаевтың сот процесінде экс-министрдің қылмысын жасырды деген айып тағылған Бақытжан Байжанов куәлік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол Бишімбаев пен Нүкенованың арасында сол түні жанжал болғанын білген. Барған кезде түнгі ішімдік пен қыдырғаннан шаршап отыр деп ойлаған. Айтуынша, "Гастроорталықта" ондай жай көп болады. Түнімен отырған адамдарды достары мен жақындары алып кетіп жатады.
Жаман ойым болған жоқ, тек дұрыс түсінбедім. Қандай жағдай болғанын дұрыс түсіне алмадым, - деді ол.
Адвокат "Нүкенованың бет-бейнесі көп жарақат алды. Оны қалай байқамадыңыз?" деп сұрады.
Мен қылмыстық іс бойынша материалдармен таныстым. Ондағы фотосуреттерге қарай алмадым, тіпті қарамадым. Мен таңертең келген кезде Салтанат жалаңаш болды, кейін мен әкелген көрпешені жамылды. Жалаңаш кезде Салтанатқа қарай алмадым. Көтерген кезде де көрпеше түсіп кетіп жатты, содан кейін теріс қарап тұрдым. Тек көзімнің қиығымен қарағанда оның көзінің ісіп кеткенін көрдім. Басқа ештеңе байқамадым. VIP бөлмеден шығуға асықтым, - деді Бақытжан Байжанов.
Бұған дейін Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжал бұрын да болғанын айтқан еді.
Сондай-ақ сот Бишімбаев қорғаушыларының өтініші қанағаттандырмады.