"Жедел жәрдем" жүргізушісі есін жоғалтуы мүмкін емес – сотталушы
Қарағандыда "жедел жәрдем" жүргізушісіне күш қолданып, бұзақылық жасағаны үшін айыпталған сотталушының ісі бойынша сот отырысын тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Сот процесіне Қарағанды облысы бойынша сот сараптама институтының эксперті Жанна Ахметова келіп, "жедел жәрдем" жүргізушісінің сот-медициналық сараптамасын баяндады.
Төреғали Берікқалиұлында жабық бассүйек жарақаты, мидың шайқалуы, қабақтың тері гематомасы, ұсақ сүйектердің сынуы, есін жоғалту, тыныс алу жолдарына зиян келгенін айта кету керек. Сондай-ақ кеуде қуысына зиян келгені байқалады. Төреғали Берікқалиұлы өзінің тіркелген аурханасынан медициналық тексеруден өткен, – дейді Жанна Ахметова.
Сотталушы сот сараптама институтының қызметкеріне Төреғали Берікқалиұлының есінен танып қалуы мүмкін еместігін атап өтті.
Мен сот сараптамасындағы есін жоғалту дегенге қарсымын. Себебі ол оқиғадан кейін "жедел жәрдем" жүргізушісі тик-токта видео түсіріп, жаттығу залдарына барып, блогерлік жұмысты жасап жүр. Егер есінен айырылған, бас жарақатын алған адам болса, мұндай жұмыстарды істей алмас еді, – дейді сотталушы.
Сот отырысының басында судья сотталушы Дәкебаев пен оның қорғаушысы онлайн-трансляцияға қарсы шыққанын айтты. Жәбірленуші бұл мәселені шешуді соттың қарауына қалдырды. Оқиға орнында ақылдаса келе, сот істі тікелей эфирде жалғастыру туралы шешім қабылдады, бірақ БАҚ-қа сотталушы мен оның адвокатын түсіруге тыйым салды.