Алматының жедел жәрдем қызметі жаңа автомобильдермен толықты

Алматы, BAQ.KZ. Конституция күні қарсаңында медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркіне 28 жаңа автомобиль берілді. Көлік кілттерін тапсыру рәсіміне Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі жедел жәрдем қызметінің ұжымын алдағы Конституция күнімен құттықтап, денсаулық сақтау әкімдік жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Дер кезінде медициналық жедел көмек көрсету үшін қалада барлық жағдайлардың жасалатынын қадап тұрып айтты.

«Медициналық қызметті техникалық жарықтандыру жалғасатын болады. Соның ішінде жедел жәрдем бригадасын да. Біздің міндетіміз – жедел жәрдем дәрігерлері үшін барлық жағдайларды жасау және «алтын уақыт» ережесін сақтау, жедел көмек көрсету», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Қазіргі кезде жедел жәрдем қызметінде 3874 адам еңбек етеді. Мұнда - 177 жедел жәрдем бригадасы мен 265 автомобиль бірлігі бар. Қызмет құрамында 11 қосалқы станция мен 3 автоколонна, 2 автокөлікке май құю бекеттері жұмыс жасайды.

2018 жылы медиктер бригадасы 1,7 млн шақырылымға қызмет көрсетті. Шақырылымның орташа саны - күніне 300. Биылғы сатып алынған автомобильдер саны көп. Ал, 2017-2018 жылдары жылына 15-17 көліктен алынатын.


Барлық автомобиль Денсаулық сақтау министрлігі жасаған стандарттарға сай және заманауи құралдармен жабдықталған. Олардың ішінде дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпенің жасанды вентиляциясының аппараттары, оттегі баллондары бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы