Жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері жалақыға қосымша ақы алатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері мен санитар қызметкерлері жалақыға қосымша төлем алады.

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Біржан Оспанов хабарлады. 

Бас дәрігер 163 мың теңгені құрайтын жан басына қаржыландыру қарастырылғанын хабарлады. Келесі жылы еңбекақы төлеу қорын ұлғайту арқылы жалақы мөлшерін 30%-ға арттыруды көзделген.

Сондай-ақ Оспанов ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі үшін төлемдер туралы бұйрыққа қол қойғанын атап өтті.

Бұйрыққа сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі үшін төлемдер 1-3-санаттағы медицина қызметкерлеріне тағайындалды. 2 санатқа 425 мың теңгеден алатын жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, сондай-ақ 3 санат бойынша 212 мың теңге алатын жүргізушілер жатады.

Инфекцияны жұқтырған жағдайда қосымша төлемдер алатын адамдардың тізіміне кімдердің кірмейтіні туралы бірнеше рет айтылды. Бұйрыққа 415 адам кірмеген – бұл диспетчерлер. Алматы қаласы әкімінің қолдауының арқасында біз жергілікті бюджеттен диспетчерлер, санитарлық қызметкерлер үшін жалақыға қосымша 212 мың теңге мөлшерінде 3 санат бойынша төлем ала алдық. Осының барлығы материалдық жағдайды ғана емес, жедел медициналық көмектің де дамуын жақсартады, - деп атап өтті Оспанов.

Сонымен қатар Оспанов жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері барлық жеке қорғаныс құралы: қолғаптар, маскалар, обаға қарсы костюмдер, бір реттік костюмдер, антисептиктер, дезинфекциялық құралдармен жабдықталғанын атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы