Қарағанды облысында жедел жәрдем бригадаларына 100 планшет сатып алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық жедел жәрдем стансасындағы фельдшерлерге 100 планшет сатып алынды. Аталмыш гаджеттер шұғыл шақыртуларға жету уақытын 30%-ға қысқартуға көмектеседі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, бұл құралдар қолданыстағы автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйесіне біріктірілген. 

Пилоттық жобаға Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев және Балқаш қалалары қатысады. Планшеттермен жұмыс жүргізуді өңірде бір ай бұрын сынақтан өткізе бастады. Осы уақыт аралығында жедел жәрдем бригадасының жұмысы шынымен де жылдамдай бастаған. 

"Біз уақытты айтарлықтай үнемдейміз. Диспетчер жүйеге шақыртуды енгізеді, ол аталмыш мекенжайға қай бригада жақын тұрғанын өзі анықтайды. Дәрігердің планшетіне барлық қажетті ақпарат түседі, ол тіпті диспетчермен болған аудиохабарламаны да тыңдай алады", - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Зүлфикар Әбілқасымов.

Шақырту картасы да бұдан былай электрондық форматта рәсімделеді. Оған дәрігер науқасқа берген дәрі-дәрмектер мен жасалған манипуляциялары туралы ақпаратты енгізеді. Егер науқасты ауруханаға жатқызу қажет болса, онда бұл мәліметтер емдеу мекемесі науқасты қабылдауға дайын болу үшін қажетті аурухананың қабылдау бөліміне жіберіледі. 

Планшеттер облыстың ірі қалаларында пайдаланылады, себебі автоматтандырылған жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін тұрақты интернет қажет. Бірақ болашақта жоба аудандар мен ауылдық округтерде де жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 

Жедел медициналық жәрдем стансасындағы тағы бір жаңалық - реанимобильдердің түсі. Станция директоры Зүлфикар Әбілқасымовтың айтуынша, арнайы автокөліктер халықаралық стандарттарға сәйкес ашық-сары түске боялған. 

"Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, арнайы автокөліктер жолдарда ашық-сары түсте болса, көзге бірден түседі. Біздің жүргізушілеріміз оларға жиі жол бере бастағанын байқайды. Бұл, әрине, жұмыс сапасын жақсартады және жету уақытын тездетеді", - деді Зүлфикар Әбілқасымов.

Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша облысымыздағы жедел медициналық жәрдем станциясы автопаркінің арнайы машиналарының 90%-ға жуығы қайта боялды. 

Қарағанды облысында 130 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның 8-і Жезқазғанда, 7-і Сәтпаев қаласында, 7-і Балқашта, 13-і Теміртауда. Сонымен қатар, әрбір ауданда бір-бірден жедел жәрдем бригадалары қызмет етеді. 

Жыл сайын облыста дәрігерлер 600 мыңнан астам шақыруларға шығады. Ай сайын өңірдің 60 000 тұрғынына жедел медициналық көмек көрсетіледі. Күн сайын диспетчерлік пультке 170-тен астам қоңырау келіп түседі. Қоңыраулар 4 санат бойынша бөлінеді.

ЖМК бригадасының пациенттің тұрған жеріне келген уақыты ЖМК диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап:
1-санат жеделділік - 10 минутқа дейін;
2-жеделділік санаты - 15 минутқа дейін;
3-жеделділік санаты - 30 минутқа дейін;
4-жеделділік санаты - 60 минутқа дейін.

Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санаттарының тізбесі

1- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 10 минутқа дейін)

Өміріне тікелей қауіп төнетін жедел медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі

1.1

Есінен тану (кез келген генез)

1.2

Тыныс алуының тоқтауы

1.3

Жүрек қызметінің тоқтауы

1.4

Тыныс алу жолдарындағы бөгде зат

1.5

Шок

1.6

Құрысқақ

1.7

Кеуде қуысындағы ауырсыну

1.8

Парездер мен плегиялар (алғаш туындаған)

1.9

Әртүрлі этиологиядағы психоз

1.10

Қан кетумен байланысты көптеген зақым мен жарақат

1.11

Қан кетумен жарақат

1.12

Қан кетумен оқшауланған жарақат (бас, мойын)

1.13

Ауқымды күйік пен үсік

1.14

Жануарлар мен жәндіктердің шағып алуы (анафилаксиялық шоктың даму қаупі)

1.15

Электрожарақат

1.16

Қан құсу

1.17

Асқынулары бар босанулар

1.18

Бұдан әрі траспланттау үшін тіндерді (тіндердің бөліктерін), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) тасымалдау

 

1.19

Төтенше жағдайлар (жарылыс, өрт, су тасқыны және т.б. )

2- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 15 минутқа дейін)

Өміріне әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі

2.1

Теракт қаупі бар орынға шақырту

2.2

Одан әрі жабырқаңқы жағдай үрдісі бар естің бұзылуы

2.3

Сыртқы тыныс алудың айқын бұзылулары (бронх демікпесі, аллергия, кардиологиялық науқас, улану және басқалар)

2.4

Жүрек ритмінің бұзылуы

2.5

Гемодинамикасы тұрақсыз. Шок дамуының жоғары қаупі (криз)

2.6

3 жасқа дейінгі балалардағы 38º С жоғары температура

2.7

Жоғары температура жағдайындағы бөртпе

2.8

Қан кетумен оқшауланған жарақат

2.9

Улы заттармен улану

2.10

Атипиялық аурулар. (жіті коронарлық синдромға күдіктену)

2.11

Жүкті әйелдердің бас ауруы

2.12

Құсу + сусызданудың ауыр белгілерімен сұйық нәжіс

3- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін)

Денсаулығына әлеуетті қауіп төнетін медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі

3.1

Қан кетусіз оқшауланған жарақат

3.2

Іштің ауруы (қатты іш)

3.3

Өзбетінше түспейтін жоғары температура

3.4

Бұқаралық іс-шаралар кезіндегі кезекшілік

3.5

Физиологиялық босанулар

3.6

Жүкті әйелдердің іш ауруы (жүктілікті тоқтату қаупі)

3.7

Балалардағы шектелген күйік пен үсу.

4- жеделділік санаты (бригаданың келу уақыты 60 минутқа дейін)

Науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қаупі жоқ жіті аурулардан немесе созылмалы аурулардың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз пациенттің жай-күйі

4.1

Өмірге қауіптің айқын белгілерінсіз созылмалы аурулардың асқынуы

4.2

Терінің және теріастының жіті қабынған аурулары

4.3

Жеңіл жарақаттар (терең емес жарақаттар, күйіктер, соғып алу, жара)

4.4

Созылмалы аурулардың салдарынан ауырсыну синдромы

4.5

Құсу + тамақтан уланудан туындаған сусыздану белгілерімен сұйық нәжіс

4.6

Жүкті әйелдердің құсуы (12 аптаға дейін)

4.7

Несеп шығару жүйесі ағзаларының созылмалы ауруларынан туындаған несептің жіті жүрмей қалуы

4.8

Қан аралас несеп

4.9

Босанудан, жасанды түсіктен кейінгі қабынбалы аурулары

4.10

Тыныс алу жолдарынан басқа бөгде заттар

4.11

МСАК немесе стационар жағдайларында медициналық манипуляцияларды жүргізуді талап ететін өзге де жағдайлар


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы