Жедел жәрдем бригадалары 7 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетті
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.
"103"- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі ЖМЖ бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.
ЖМЖ қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.
Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.
Бүгінгі таңда "жедел жәрдем" қызметінің теңгерімінде 2 355 бірлік, оның ішінде 1 482 бірлік қалада және 873 бірлік ауылдық жерде санитариялық автокөлік бар.