+23

Жедел жәрдем – бақылауда: Екі қалада видеожетон енгізілді

Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметтерін цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, екі мегаполистегі жедел жәрдем қызметкерлері видеожетон тағып жүреді.

Аталған пилоттық жоба өткен жылдары фельдшерлерге, жедел жәрдем қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсету жағдайларының болуына байланысты қолға алынған. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті: пациенттер өздерін сыпайы ұстанады, зорлық-зомбылыққа жол берілмейді, - деді Ербол Оспанов.

Сонымен қатар Астана тұрғындары жедел жәрдем бригадасының қозғалысын бақылай алады.

Бұл жоба Астана қаласының әкімдігімен және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылды. Сервис жедел жәрдем қызметінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді деп ойлаймыз, - деді ДСМ өкілі.

Бұған дейін енді медициналық анықтамаларды электрондық нұсқада алуға болатынын жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы