Жедел жәрдем қызметіне түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан. Сол себепті 103 желісіне жүктеме көбейген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясың директоры Мұрат Оразбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты.
Жедел жәрдемге түсетін қоңыраулар саны 4 есеге артқан. Сол себепті 103 желісіне жүктеме көбейген. Осыған орай, 103 пульттерінің санын көбейттік. Сондай-ақ, байланыс орталығы ұйымдастырылды. Елорда қаласының тұрғындары 705 103 нөмірі бойынша КВИ-ге қатысты сұрақтарына жауаптарын ала алады. Осылайша, 103-тің жүктемесін төмендетіп жатырмыз, - деді ол.
Мұрат Оразбаевтың айтуынша, елорданың әрбір тұрғыны жедел жәрдемнің жедел келгенін қалайды.
Алайда, қоңыраулар 4 санатқа бөлінеді. Әрбір санат жеделділігі мен науқас денсаулығының жағдайына қатысты жіктеледі. Яғни, оларға жету уақыты да әртүрлі, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы