Жедел жәрдем стансасы 37 көлікпен толығады – Есқалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жедел жәрдем стансасы 37 көлікпен толығады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Жедел жәрдем қызметіне хабарласатындар саны 600-ден 1100-ге артып отыр. Осыған байланысты жедел жәрдем бригадаларының саны көбейтілді. Қазір 61 бригада жұмыс істейді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 бригадаға артық. Шақырулардың көптігіне байланысты жедел жәрдем кейбір науқастарға жай жетуі мүмкін. Алайда адам өміріне қауіп төнген жағдайда жедел жәрдем қызметі еш кідіріссіз жетуі тиіс. Алдағы екі ай ішінде жедел жәрдем стансасына тағы 37 көлік сатып алынады. Оның ішінде 20-сы реанимобиль, - деді Есқалиев. 

Облыс әкімі ПТР сынамалары туралы да айтып өтті. 

Облыста орташа есеппен  мыңға жуық ПТР зерттеуі жүргізіледі. 4 лаборатория жұмыс істейді, оның біреуі жеке меншік. Сынама нәтижелерінің кешігуі лаборатория қызметкерлерінің арасында коронавирусқа шалдыққандармен байланысты. Орталықтарда дезинфекция жасалып, карантин шаралары жүргізіледі, - деді облыс әкімі.  

Облыс әкімі ауруды таратпау жолында барлық азаматтың жауапкершілігі жоғары екенін айтты. 

Коронавируспен күресте көпшілік жерлерге бармау, той-томалақ өткізбей, оқшаулауда болу маңызды. Өкінішке қарай, біздің тұрғындар әлі де бұл ұстанымды түсінбей жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Мұндай азалы күндер аз болуы үшін сақтық шараларын сақтау керек, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы