Жедел штаб: Махамбет ауданында 30 тонна гуманитарлық көмек қоры жинақталды

Бірінші қажеттіліктегі заттар мен бүлінбейтін өнімдер ауданға облыс орталығынан жеткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Махамбет ауданында су деңгейінің көтерілуіне байланысты, Жайық өзенінде су тасқыны жағдайына дайындық шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта гуманитарлық пунктте 30 тонна азық-түлік пен қажетті заттар дайындалды. 

Бір ай ішінде штабқа 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Оның 100 келісі киім-кешек. Жүк бізге аптасына екі рет жеткізілуде, біз оны өзіміз түсіреміз, азық-түліктің жарамдылық мерзімін тексереміз, сұрыптаймыз. Қордың ішінде су, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, дәретхана қағазы, сәбилерге арналған гигиеналық жөргектер және басқа да қажетті заттар бар, - деді Махамбет ауданы гуманитарлық штабының меңгерушісі Жексенбай Пазулов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы