Жедел, қатаң шаралар қажет – Сайыров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмалар мен бастамалар туралы пікірін саясаттанушы Ерлан Сайыров өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады. 

Дұрыс шешім. Жедел, қатаң шаралар қажет. Әсіресе, адам өліміне әкелген лауазымды тұлғалардың салғырттығына қатысты. Егер дәрі-дәрмектер мен ауруханаларда бос орындар болса, көптеген жақынымызды құтқаруға болатын еді. Оларға біздің көмегіміз жетпеді, - деді ол. 

Саясаттанушы жақын адамдарға көмек көрсетілмегенін айтты. 

Үкіметтегі коронавирус жөніндегі штаб менеджменті бұл сценарийді болжап, жедел жұмысқа дайын болуы тиіс еді. Керісінше, жағдайды өз бетімен жіберді. Міне, бұл - ең қорқыныштысы. Әлеуметтік саладағы менеджмент осы гуманитарлық салаға дайын емес болды. Біздің тарихымыздағы осы қайғылы кезеңде жауапты барлық лауазымды тұлға жазалануы тиіс. Президент Қ. Тоқаев дұрыс айтады, барлық кінәлілерді жазалау керек. Бұл барлығына әділ сабақ болады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы