Жедел әуе тасымалы: жаңа туған нәресте Екібастұздан Павлодарға жеткізілді
ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы Екібастұз – Павлодар бағыты бойынша санитарлық рейсті орындады. Мамандар жаңа туған нәрестені шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұшу медицина қызметкерлерінің бақылауымен өтті, кішкентай пациенттің жағдайы Павлодар қаласының дәрігерлеріне берілгенге дейін бақыланды.
Операцияны тәжірибелі экипаж құрамында: әуе кемесінің командирі Дулат Ахметов, екінші ұшқыш Азамат Қабден, борт механигі Мұхтар Жаумбаев, инженерлер Александр Әлмұхамедов және Темірлан Сибағатов орындады.
Мамандардың үйлесімді жұмысы мен жоғары дайындық деңгейі санитарлық рейстің қауіпсіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етті, – деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы