Жеңіс Қасымбек Премьер-министрдің орынбасарлығына тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындау мақұлданды, деп жазады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»   Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес Комитет отырысында қарастырылды.  

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келген.

Қазіргі лауазымы: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Білімі: 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған, сәулетші-дизайнер.

2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлік кешенін дамытуды реттеу (2009).

1997-1998 жылдары – ҚазБСҚА зерттеушісі;

1998 жылы – «Темірбанк» ААҚ бас маманы;

1998-2000 жылдары – ҚР Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінде бөлім бастығы;

2000-2004 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментінің директоры;

2004-2005 жылдары – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры;

2005-2009 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі;

2009-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы;

2014 жылы – ҚР Көлік және коммуникациялар министрі;

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары;

2016 жылы – ҚР Инвестициялар және даму министрі;

2016 жылы – инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы