Жеңіс Қасымбек жаңа тұрғын үйлердің сапасын қадағалауды тапсырды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында кезектегі тұрғандарды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін 372,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.  

Жыл соңына дейін бірқатар үй тапсырылады. Қарағанды облысы әкімдігі сайтының мәліметінше, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа құрылыс сапасына назар аударды.

Әкім құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Халықтың ең басты мәселелерін шешу – билік басындағылардың басым міндеттерінің бірі, деп атап өтті ол.

Басқа шығындарды қысқартыңыздар. Тұрғын үй салыңыздар, кезекте тұрғандарды қамтамасыз етіңіздер. Егер жаңа қоныстанушылар шағымданатын болса, оқиға орнына қоғам белсенділері мен журналистерді алып барыңыздар. Бұл барлық әлеуметтік нысандарға қатысты. Сапаны комиссиямен қайта тексеретін боламыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
 
Өңір басшысы құрылыс сапасын қатаң қадағалауды талап етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы