Жеңіс Қасымбек тұрғындардың шағымына қатысты қандай жұмыс жүргізілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындардың шағымына қатысты қандай жұмыс жүргізілетінімен бөлісті.

Облыс орталығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен бөлісуді жөн көрдім. Жұмыстар мамыр айында басталды. Дегенмен тұрғындар тарапынан жұмыстардың атқарылуына байланысты сын-ескертпелер айтылған болатын. Магнитогорская көшесінде жол және қасбеттерді жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ 7-ші магистральді жөндеу басталды. Оның ұзындығы 8,9 шақырымды құрайды, - деді ол.
 
Жеңіс Қасымбек бұл жөндеуді жергілікті тұрғындар 10 жылға жуық уақыт күткенін айтты.
Соңғы жылдары барлық транзиттік жүктер осы жолмен тасымалданды. Енді Шығыс және Солтүстік айналма жолдардың ашылуына байланысты көшені жөндеу мүмкіндігі пайда болды. Жолдың төсемі нығайтылып, негізі ауыстырылды. Сондай-ақ су құбырлары да жаңартылды. Жұмыстарды келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы жылы қала жолдарының 30 учаскесі жөнделетін болады. Биыл ЖЖК-2020 бағдарламасы бойынша және жергілікті бюджет есебінен 212 үй жөнделіп, 420 аула абаттандыру шараларымен қамтылатын болады, - деді ол. 

Облыс әкімі тұрғындардан шатырлар мен қасбеттердің жөнделуіне байланысты көптеген шағым түскенін де айтты.
Бұдан басқа, материалдардың кешіктірілуі мен жұмыс технологиясының сақталмауына байланысты қала орталығындағы жеті үйдің жоғарғы қабаттары зардап шекті. Бүгін мердігерлермен кездесу барысында бұл мәселе сөз болды. Келесі аптаның соңына дейін шатырлар жөнделіп, келтірілген зиян толығымен қалпына келтіріледі, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы