Жеңіс Қасымбек қаңғыбас иттерді бақылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының орталық саябағында иттерді ату оқиғасы үлкен қоғамдық резонансты тудырды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бұл жайт соңғы уақытта орын алған жалғыз оқиға емес екенін мойындау керек. Осындай қатыгездікті алдын алу үшін Қарағанды облысының ветеринария басқармасы кинологтар және волонтерлармен бірлесіп, қараусыз қалған жануарларға ізгілікпен қарауға жағдай туғызатын жаңа жобаны әзірледі. Аталған құжат облыстық мәслихатқа енгізілді. Бүгінгі таңда аймағымызда қаңғыбас иттерді қабылдап алатын арнайы орын тек Жезқазған қаласында ғана бар, - дейді өңір басшысы.

Оның айтуынша, бұл бағытта қаңғыбас иттерге қамқорлық көрсететін жекеменшік шағын нысандарда тиісті мүмкіндіктер жоқ.

Жаңа ережелер иесіз қалған үй жануарларына ізгілікпен қарауды көздейтін болады. Қараусыз қалған үй жануарлары үшін арнайы үй-жайды ашу мәселесін шешетін боламыз. Аталған мәселені өз бақылауымда ұстаймын, - дейді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы