Жеңіс - 75. Екібастұзда еске алу акциясы онлайн режимде өтті
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз қаласында "Мәңгілік полк" акциясы еліміздегі төтенше жағдайға орай онлайн режимде ұйымдастырылды. Өткен жылы бұл еске алу шарасына алты мыңнан астам тұрғын қатысқан.
Ауқымды акцияны өткізуге қалалық "Голос Экибастуза" газетінің тілшілері мұрындық болған.Редакциямызға соғыс ардагерлері туралы жазылған хаттар көп түседі. Биыл "Мәңгілік полк" шеруін алғаш рет онлайн режимде өткізуді ұйғардық. Қалалықтар бұны құп көрді. Олардың естеліктерін халыққа көрсету мақсатында әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, Жеңісті жақындатқан батырларымыздар туралы ақпараттар жарияладық. Бұл - ортақ Жеңіс. Бейбіт өмір жолында отқа түсіп, етігімен су кешкен жерелстеріміздің ерлігін келер ұрпақ білуі керек, - дейді газет тілшісі Мария Гонтарь.Ұлы Отан соғысында ел үшін от кешкен ата-бабаларымызға тағзым ету мақсатында тілшілер қауымы газеттен арнайы айдар ашып, тұрғындарың жүздеген естеліктерін жариялады. Мәселен, биыл Саттаровтан жанұясы 75 жыл бойы бейхабар болған аталарының жатқан жерін тапты. Ержүрек азамат туралы мәлімет баспа бетінде жарияланды.
Саттар Мұстафин - Ақсу өңірі Грязновка ауылының тумасы. 1941 жылы ел қатарлы майданға аттанған. Ал 1943 жылы қаралы хабар келеді. Бірақ, майдангердің қай жерде жатқаны туралы мәлімет болмайды. Ұрпақтары болса, 75 жыл бойы іздеумен өтеді.
Біз Ресейдегі іздестіру жасақтарының мүшелеріне хабарластық. Олар бізге қуана көмектесті. Атамыз Калуга қаласының жанындағы Зайцева гора ауылындағы бауырластар зиратында жерленгенін білдік. Обасымызбен жиналып, көлігімізбен 3,5 мың шақырымдық жерді еңсердік. Атамыздың моласына барып, құран бағыштадық. Туған жерінің бір уыс топырағын апардық, - дейді Саттар Мұстафиннің ұрпағы Серік Саттаров.
Айта кетейік, Павлодар облысынан қан майданға 46 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың тең жартысы туған жерлеріне оралмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Солистер әскери әндерді балконда тұрып орындады
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы