Жеңіс-75. Ардагерлердің бірде-біреуі елеусіз қалмайды – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысы бүгінгі Үндеуінде мамыр айындағы мерекелерді үйде атап өтуге тура келетінін айтты.
Мемлекет басшысы карантин шараларын қатаң ұстанған жағдайда ғана індеттен құтылуға мүмкіндік барын ескертті.Әзірге бұл вирустың вакцинасы жоқ. Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар. Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды. Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оразада бірқатар рәсімнен тартынуды ұсынды. Сондықтан осындай уақытта ауызашардың өзін көпшілікпен бірге өткізе алмайтынымыз белгілі, - деді ол.Сонымен қатар, Президент алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келетінін айтты.
Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек береді, - деді Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Туғанына 23 күн болған шақалақтан індет анықталды
Өзгелердің жаңалығы