Жеңіс-75: Қарағандылық ардагерлер Жеңіс күніне бір жолғы көмек алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері миллион теңгеден алды. Тыл еңбеккерлері, Ленинградты қоршағандар, концлагерь тұтқындары және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтардың басқа да санаттары да назардан тыс қалмаған.

Қарағанды облысында қазіргі таңда 67 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері тұрады. Оларға бір миллион теңге көлеміндегі өтемақы жеке есеп шоттарына аударылған.


Бала кезінде фашистік концлагерьге жіберілген, сондай-ақ Ленинград қоршауын бастан кешкен және майданда еркін жалданғандар ретінде жұмыс істеген қарағандылықтар 200 мың теңгеден алды. Облыста бұл санаттарға жататын 101 қарт адам бар, - делінген мәліметте.


Сонымен қатар, тыл еңбеккерлеріне 50 мың теңгеден төленді. Өңірде бұл санаттағы адамдар саны – 8 778. Интернационалист-жауынгерлерге, Ауғанстандағы шайқастарға қатысушыларға (596 адам); Чернобыль АЭС апатты жоюшыларға (598 адам) төлемдер көлемі 100 мың теңгені құрады. Сондай-ақ ақпан айында Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 31 жыл толуына орай облыстың бірқатар қалалары мен аудандарында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға 100 мың теңгеден төленді. Материалдық көмекті 902 адам алған.

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы