Жеңілдетілген карантинді бәріміз тиімді пайдалануымыз керек – Серік Рысбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық байқаулардың лауреаты, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әртісі Серік Рысбек жеңілдетілген карантин режиміне қатысты пікір білдірген еді.

Бүгінгі таңда адамзат әлемін әбігерге салып жатқан мына дерт біздің елді де айналып өтпегенін бәріміз білеміз. Індет қанша қазақтың ұлы тұлғаларын, өнер майталмандары мен әр қазақ отбасындағы жақындарын алып кетті. 17 тамыздан бастап жеңілдетілген карантинді бәріміз тиімді пайдалануымыз керек. Әр отбасы туғанының амандығын тілесе, той-томалақтан, жиын-кештерден бас тартып, сабырлық  танытқаны маңызды, - дейді Серік Рысбек.

Еске сала кетейік, 13 тамызда ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.

Ал 17 тамыздан бастап еліміздің барлық өңірінде жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізбесі бекітілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы