Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қыркүйек күні Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Жер жүзілік додаға Қазақстан атынан сегіз спортшы қатыспақ. Қазіргі таңда жеңіл атлеттеріміз Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп жазды Olympic.kz.
«Алдымен әлем чемпионатына қатысу нормативін орындаған споршылар мен олардың жеке бапкерлерін құттықтағым келеді. Біз алдымызға үнемі биік мақсаттар қоямыз. 6 қыркүйекке дейін өткізілген жарыстардан соң сегіз спортшы әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы маусым жақсы қарқынмен өтті. Біздің спортшылар әлем чемпионатын қабылдайтын стадионда бақ сынап көрді. Азия біріншілігі Дохада өткен болатын. Бүгінде команда мүшелері оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Анталияға кетті (Түркия). Жиынды өткізу аймағы климаттық жағдайларға байланысты өте маңызды саналады. Бірінші кезеңді біз Ыстықкөлде (Қырғызстан) өткіздік. Түркияда синтетикалық жабдық үстінде дайындаламыз. Біздің атлеттермен бірге голландиялық маман Хенк Краайенхоф жұмыс істеуде. Ол екі айдан бері спортшыларымызға кеңес беріп келеді. Олимпиада қарсаңында өткелі отырған әлем чемпионатында атлеттеріміз жақсы нәтиже көрсетуге тырысу керек», - деді құраманың бас бапкері Ерлан Ибраим.Сонымен, Дохадағы әлем біріншілігіне төмендегі спортшылар қатысады:
- Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру);- Ольга Сафронова (100, 200 метр, эстафета);
- Георгий Шейко (спорттық жүріс);
- Светлана Голендова (эстафета);
- Элина Михина (эстафета); - Рима Кашафутдинова (эстафета);
- Михаил Литвин (400 метр);
- Иван Иванов (ядро лақтыру).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы