#Желмая. Жазушылар өмірден озса, Жазушылар одағынан шығарылады, ал журналистер қайдан шығады?
"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы - "Астана" телеарнасының бас директоры Құрманбек Жұмағали.
"Астана" арнасына директор болған 8 айда не бітірді? Пандемия телеарна жұмысын қиындатқан жоқ па? Журналистика табыс табатын жер ме? Телеарнада қысқарту бар ма? Журналистер туралы көтерген әлеуметтік мәселесіне жауап болды ма? Құрманбек "Nur Otan" партиясының праймеризіне қатыса ма?"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Жобамыздың бұған дейінгі қонағы саясаттанушы, білім беру саласының сарапшысы, BTS Education компаниясының басшысы Саясат Нұрбек болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы