Жазушылар Алматы әкімінің гранттарын алды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен кездесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында шығармашылық кәсіптің 60 өкілі әкім гранттарының иегерлері атанды. Осыған дейін гранттарды 90 жазушы, ақын және әдеби сыншылар алған болатын. Әкім гранттары жас жазушылардың шығармашылық әлеуетін қолдауға арналған.
Бақытжан Сағынтаев өскелең ұрпақты Отанға, туған қаласына деген патриотизм мен сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде шығармашыл зиялы қауымның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ол кітап шығаруда, Жазушылар үйін жөндеуде, шығармашылық конкурстарды өткізуде қаланың тиісті қолдау көрсететінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалықтар демалыс күндері қайда бара алады?
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы