Жазушы, журналист Жылқыбай Жағыпарұлы өмірден озды
Белгілі журналист, қарымды қаламгер Жылқыбай Жағыпарұлы 70 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жылқыбай Жағыпарұлы 1954 жылы 11 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы топырағында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген соң Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде 30 жылға жуық жемісті еңбек етті.
Республикалық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына атсалысты, ұйымдастыру комитетінің төрағасы болды. 2005-2007 жылдары республикалық «Ел» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарды. 2007 жылдан бастап, зейнет жасына жеткенге дейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінде қызмет атқарды.
Қазақстан Жазушылар және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Жылқыбай Жағыпарұлы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы