Жазушы, журналист Жанұзақ Аязбеков дүниеден өтті
76 жасқа қараған шағында белгілі қазақстандық жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, Қазақстанның құрметті журналисі Жанұзақ Аязбеков дүниеден озды.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Жанұзақ Аязбековтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен барша оқырман қауымға қайғыра көңіл айтамыз, - делінген хабарламада.
Жанұзақ Аязбеков саналы ғұмырын қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына арнап, тағылымды туындыларымен оқырман ықыласына бөленді. Еңбек жолын Қостанай облыстық телерадио комитетінде бастап, өңірлік радио мен баспасөз саласында жауапты қызметтер атқарды.
Кәсіби білімі мен мол тәжірибесін елдік мүддеге жұмсаған азаматтың журналистика мен руханият саласындағы еңбегі әрдайым жоғары бағаланды.
Жанұзақ Аязбековтің жарқын бейнесі, ғибратты ғұмыр жолы мен артында қалдырған шығармашылық мұрасы ел есінде сақталады.