Жазушы, майдангер Кемел Тоқаевтың сирек кездесетін архивтік суреті жарияланды

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл тарихи фотосуретті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"1984 жыл. Маңғыстау. Майдангер-жазушы Кемел Тоқаев", – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.

Кемел Тоқаев – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. Ол – соғыс ардагері, әрі қазақ детектив жанрының негізін қалаған көрнекті қаламгер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы