22 Қаңтар 2024 2024, 18:00 Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Жазира Байырбекова ер адамдардың "тоқал" алуына қатысты пікір білдірді

Эстрада әншісі Жазира Байырбекова ер адамдардың екінші әйел алуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эстрада әншісі Жазира Байырбекова ер адамдардың екінші әйел алуына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында ер адамдардың тоқал алуына қатысты пікір білдірді. 

Үшінші адам "всегда лишний" болады, - деді эстрада жұлдызы.

Жазира Байырбекова "Үйдің шаруасында ер адам әйелге көмектесуі керек пе" деген сауалға жауап берді.

Негізі қажет, бірақ біздің Жәкең көмектеспейді. Баяғыда біздің жігіттер сыртта жүрген - аң аулаған, соғысқа кеткен, ал әйел адамдар үйде бала бағып отырған. Ал қазір әйелдер де, еркектер де жұмыс істейді. Сондықтан үй жұмысында көмектескенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Ол өз адамы ғой, - деді әнші.

Сонымен қатар ол ер адамдардың әйелге қол көтеруіне қатысты айтып өтті.

Мықты ер адам әйел адамға күш көрсетпейді, - деп қысқа қайырды Байырбекова.