21 Шілде 2025 2025, 08:05 Фото: olympic.kz

Жазғы универсиада: таэквондошы Батырхан Төлеуғали қола медаль иегері

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүниежүзілік додада Батырхан Төлеуғали (80 келі) жартылай финалда Оңтүістік Корея өкіліне есе жіберіп, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Темірлан Тілеулес (58 келі) үздік үштіктен көрінді.

Айта кетсек, бұған дейін Нодира Ахмедова (49 келі) қола жүлдегер атанған.