2 Қыркүйек 2024 2024, 01:21 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: төртінші жарыс күнінің нәтижесі

Туризм және спорт министрлігі жазғы Паралимпия ойындарындағы төртінші жарыс күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі жазғы Паралимпия ойындарындағы төртінші жарыс күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Пара нысана көздеу: 10 метрге пневматикалық мылтықпен нысана көздеуден (R3: екі шынтаққа тірекпен отырып ату) сынға түскен Еркін Ғаббасов 624.3 ұпай жинап, 35-орынға тұрақтады.

Пара жүзу: Рио Паралимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина 150 метрге жүзуде 10-орынға тұрақтап, финалға шыға алмады.

Пара үстел теннисі: Париж-2024 Паралимпиадасында пара үстел теннисінен 1/16 финалында Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледомен кездесіп, 1:3 есебімен қарсыласына есе жіберді. Осылайша Әли Париж-2024 Паралимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Паралимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.