4 Қыркүйек 2024 2024, 01:25 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: Алтыншы жарыс күнінің нәтижесі қандай

Туризм және спорт министрлігі жазғы Паралимпия ойындары-2024: алтыншы жарыс күнінің нәтижесін (3 қыркүйек) жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі жазғы Паралимпия ойындары-2024: алтыншы жарыс күнінің нәтижесін (3 қыркүйек) жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Пара жүзу: SM13 санатында 200 метрге кешенді жүзуде бақ сынаған Нұрдәулет Жұмағали 2:20.31 секунд нәтижесімен жалпы есепте 10-орынға тұрақтады.

50 метрге шалқалай жүзу бойынша іріктеу кезеңіне қатысқан Сиязбек Дәлиев финалға шыға алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 40.14 секунд.

Паралимпиаданың алтыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 күміс жүлде бар.