19 Қыркүйек 2026, 08:32
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Жазғы Азия ойындары: Қазақстан гандболшылары алғашқы матчын өткізді
Қазақстандық гандболшылардың келесі кездесуі Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өтеді.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында гандболдан әйелдер арасындағы бәсеке басталды.
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Қытай командасымен ойнап, 24:34 есебімен жеңілді. Қытай құрамасы – өткен Азия ойындарының қола жүлдегері.
Қазақстандық гандболшылар келесі кездесуін Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді.