Жаздың соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, 29-31 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Өтіп бара жатқан жаздың мереке күндері Қазақстанда ауа райы жылы болмақ. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа сақталады. Кей жерде мұнда найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Бірақ, жауын-шашынға қарамастан, бұл аймақтардағы температура 25 ... 33 жылы шамасында болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы