Жазда балаңыз қайда демалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үш жылға созылып келе жатқан пандемияның кесірінен жаз айларында балалар демалыстан қол үзген еді.
Биыл эпиджағдайдың жақсаруына байланысты елімізде жазғы демалыс орталықтары ашыла бастады. Жыл бойы ұзақ оқу мен қиын емтиханнан өткен әр бала демалысты асыға күтетіні белгілі.
Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтуға, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауға қолайлы уақыт.
Сауалнамада белгілі болғандай, кейбір оқушылар 3 ай демалысты тиімді пайдаланып, қосымша үйірмелерге жазылса, енді бірі ата-аналарымен уақыт өткізуді жөн санайды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында балаларға ерекше назар аудару керек екенін айтқан еді.
Олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сондықтан да келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз - деді Президент.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналарынан биыл балаларын қайда демалуға жіберетінін және мектеп оқушылары үшін қандай демалыс жақсы екенін сұрап білдік.