Жазда ауылға кетеміз – қала тұрғындары. Фоторепортаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаймашуақ жаздың алғашқы күндері. Елордалық тұрғындар жаздың кешкі қоңыр салқын желін пайдаланып, саябақта серуендеп жүр. Себебі күндіз қалада аптап ыстық. Биылғы жаз бұрынғыдан өзгерек дейді тұрғындар.

Карантин уақытында адамдар көп нәрсенің қадірін түсінді. Далаға шығып, серуендеудің өзі үлкен қуаныш сыйлайтын болды. Жазға қойған жоспарларымыз бар еді. Алайда, елдегі пандемияға қатысты оларды өзгерттік. Келесі жылға қалдырдық, - деді елорда тұрғыны.

Кейбір тұрғындар жазды асыға күткендерін де жеткізді.

 

Пандемиядан кейін уақытты, әрбір сәтті қадірлейтін болдық. Жаз келсе, балаларымызды ата-әжелеріне жіберетін дәстүріміз бар еді. Сауда орталықтарына қазір ешкім барғысы келмейді. Біз қазір тек саябақтарды ғана аралаумен шектеліп жүрміз, - дейді елордалық Айнұр Ысқақова.

 

Мен үшін елордада жаз баяғыда басталған сияқты. Себебі, көктем жылы болды. Карантинде отырғанымызды тез ұмытып кеттік. Көп дүние өзгерді деп ойламаймын. Елдегі шектеулерге қарап, шетелге шығу да ыңғайсыз. Өз елімізді аралаймыз, - дейді қала тұрғыны Евгений.

 

 

 

 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы