Жазда Алакөлге қарай қосымша пойыздар жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Мамыр мен жаз айларында қосымша жүретін пойыздар іске қосылады.
«Алматы –Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта – Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады. Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен біріге отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орнына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады. Олар: №457/458 «Семей-Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-ші жұлдызынан бастап тамыздың 31-іне дейін күнара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 17 сағат 13 минут. №459/460 «Өскемен-1 – Достық» бағытындағы пойыз. Маусым айының 1-інен бастап 31 тамызға дейін күнара жүреді. Жолдағы жүру уақыты 18 сағат 57 минут", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкпар мен көкбөрүнің тартысы. Қырғыз профессордың пікірі
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы