Жазасын өтеушілер жақындарымен қауышты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде карантин шаралары енгізілген уақыттан бастап түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың туыстарымен кездесуі уақытша тоқтатылған болатын.
Бұл кезеңде сотталғандар жақындарымен тек интернет арқылы байланысып, онлайн кездесулер өткізіп келген еді.
Енді Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысымен және ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің басшылығының рұқсат етуімен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде сотталғандар туыстары және жақындарымен кездесуге мүмкіндік алды.Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелерінде санитарлық талаптарды толық сақтай отырып жазасын өтеп жатқан азаматтардың туыстарымен кездесу ұйымдастырылуда.
Карантинге байланысты ұзақ уақыт бір-бірін көрмеген жазасын өтеушілермен туыстары жүздесуге ықпал еткен мекеме басшылығына алғыстарын айтып, ақжарма тілектерін жаудырды.
Бұл шаралар мекемелерде кездесудің қайта берілу дайындығына баға беретін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп атқарылып жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің әлі де барын ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесуге бір ғана ересек адамның кіруіне рұқсат етілген. Сондай-ақ, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда және анализ нәтижесінің берілген мерзімінен бастап 7 күннен аспауы тиіс. Бұл ретте қысқа мерзімді кездесулер барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараны сақтай отырып, әдеттегідей тәртіпте өткізілуде, - дейді өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Амандық Баталовты қабылдады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы