Төтенше жағдай. Жазасын өтеп шыққандар түрмеден қалай босатылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай режимі кезінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/6 мекемесінен екі сотталған босатылды.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бостандыққа шыққан азаматтарға ҚАЖД нұсқауына сәйкес тұрғылықты жеріне жеткенге дейін бағыттық парақтар, коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жаднамалар, маскалар, қолғаптар мен антисептикалық құралдар берілген.

ҚАЖ департаменті ОВ-156/6 мекемесінің қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде бостандық алған азаматтарды Шемонаиха – Өскемен және Шемонаиха - Семей бағыттары бойынша блокпостқа дейін жеткізді. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдай режиміне байланысты барлық қызметтер үйлесімді ырғақпен жұмыс істейді және қалалар мен облыстардың полиция Департаменттерінің басқа да қызметтерімен өзара іс-қимыл жасалуда. Бізбен барлық қажетті шаралар қабылданды, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметтерінің басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры Олжас Жакияров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы