Жаз маусымында 430 шақырымнан астам рельс жолы жөнделді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы жол жөндеу жұмыстарының басталысымен 430 шақырым жол жөнделді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметі. 

Осы жылы 770 шақырымдық жол жаңартылады. Күрделі жөндеу Астана – Павлодар, Жезқазған – Қызылжар, Семей – Дегең, Достық – Саяқ, Ақтөбе – Қандыағаш және Мақат – Шетпе учаскелерінде қарастырылған.

"Біз шаруашылық тәсілімен 120 шақырымнан астам жолда орташа күшейтілген жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ рельстер мен релсь бунағын, рельс тірегін тұтас ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізудеміз", - деді Магистральдық желі дирекциясының жол және құрылғылар департаментінің менеджері Абзал Сабырханов.

Өндірістік процестердің тиімділігін арттыру шеңберінде жолдың үстінгі қабаты материалдарын қайта пайдалануға мүмкіндік беретін ресурүнемдеу технологиялары ендірілуде.

Ескірген рельстерді рельс-дәнекерлеу кәсіпорындарында қайта өңдеп, бунақтарды жаңадан төсеу олардың пайдалану мерзімін 20% арттырады.

"Учаскелерді жаңғырту жүк және жолаушылар пойыздары жылдамдығын арттырады және қозғалыс қауіпсіздігін, теміржол инфрақұрылымы сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген таратылған ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы