Жаздың алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжамынша 1 маусым күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-шығыста нөсер жауады, тек елдің шығысында күн райы ашық болады.
Кей өңірлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.
Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқылдайды.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз 15-20 м/с жел соғады.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап ыстық болады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары.