Жайықтағы жағдай: Су деңгейі көтеріліп жатыр

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 3 мамырдағы сағат 8-дегі жағдай бойынша Жайық өзені БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 788 см., деңгейдің +38 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 565 см құрайды. Жайық өзені – Махамбет кентінің деңгейі 812 см., деңгейдің тәулігіне + 17 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см., қауіпті деңгейге дейін 38 см қалды. Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 471см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 12 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 280 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, -делінген Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы жолдаған хабарламада.

3 мамырда Иректі су қоймасынан су жіберу 141 м3/с құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы