Жайыққа бекіре тұқымдас балықтың 7 млн шабағы жіберілді
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет facebook-тегі парақшасында жазды.
Бұл шара бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтау және оларды тұрақты пайдалануды реттеу мақсатында арналған балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде атқарылған.
Атырау бекіре балық өсіру зауыты мен Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауыты Жайық өзеніне 7 млн-нан аса бекіре тұқымдас балығының шабақтарын жіберді. 2020 жылғы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 75 млн құнды балық түрінің шабақтарын табиғи мекендеу ортасына жіберу көзделіп отыр, - деп жазды ол.
Жыл басынан бері республиканың су қоймаларына 51,5 млн аса құнды балық шабақтарының түрлері жіберілген, оның ішінде 7 млн аса бекіре тұқымдас балық бар.
Мемлекеттік тапсырысты қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда азық-түлік дүкенінде дәрі-дәрмек сатылған
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы