Жайыққа батып кеткен әкімнің денесі табылды
Құтқарушылар Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыштың мәйітін кешкі уақытта өзеннен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция шенеуніктің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылды. Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша тексеру жүргізуде, — деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Ринат Жанқылыш Ортақшыл ауылындағы суға түскен. Қайғылы жағдай кезінде оның жанында кім болғаны белгісіз.
Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған. Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — деп мәлімдеді өңірлік коммуникациялар қызметі
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шатырдан секірмек болған әйел құтқарылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы